spot_img
Жұма, Мамыр 9, 2025
16.8 C
Kokshetau

Жол жөндеу және жол бойындағы қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту: 2025 жылы Ақмола облысындағы автокөлік жүргізушілерін не күтіп тұр  

Сондай-ақ...оқыңыз

Автокөлік жолдарының сапасы өңір тұрғындарының өміріне тікелей әсер етеді. Жақсы жолдар жол жүру уақытын қысқартып, көлік жөндеуге кететін шығындарды азайтып, сапарды жайлы әрі қауіпсіз етеді. Тегіс жол адамдарға  жұмысқа, мектепке, ауруханаға және дүкенге тез әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді.

Бұл тұрғыда Ақмола облысының жергілікті билігі жол инфрақұрылымының сапасына үлкен көңіл бөліп отыр. 2025 жылы облыста 450 шақырымнан астам автожолды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, жергілікті автокөлік жүргізушілері үшін жол бойы қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту да жақсы жаңалық болып табылады.

«Республикалық маңызы бар жолдар бойында сервистік қызмет көрсетілетін 186 нысан орналасқан. Оның 158-і ұлттық стандарттарға сәйкес келсе, қалған 29-ы осы стандарттарға сәйкестендірілуде», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов.

Соңғы 10 жылда өңірде 1000 шақырымнан астам жол жаңартылды. Олардың ішінде «Астана – Петропавловск», «Астана – Павлодар», «Астана – Қарағанды» сынды негізгі көлік дәліздері бар. Өткен жылы облыстық және республикалық маңызы бар 800 шақырым жол жөнделді.

«Қазіргі таңда «Жезқазған – Петропавловск», «Макинск – Ақсу – Торғай», «Көкшетау – Атбасар» және басқа маңызды бағыттар бойынша күрделі және орташа жөндеу жобалары жүзеге асырылуда», – деп қосты спикер.

Жол инфрақұрылымын дамыту бизнес пен инвестицияларды тартып, жұмыс орындарын құруда және өңір экономикасын жақсартуда үлкен орын алады. Мәселен, өткен жылы жүк тасымалдау көлемі 20 пайызға артып, 103,8 млн тонна жүк тасымалданды.

Жақсы жолдар – бұл тек жайлылықтың кепілі ғана емес, өңірдің өмір сүру сапасының, қауіпсіздігінің және дамуының негізі!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл Аманаты»: Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға мүмкіндік алуда

Ақмола облысында 2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы табысты жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика