spot_img
Жұма, Маусым 19, 2026
22.7 C
Kokshetau

Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады 

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев.
Атап айтқанда, ол жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта «ақылды жолдар» бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек.
Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады.
Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика