spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 25, 2026
9.2 C
Kokshetau

Қазақстанда қолданбалы ғылымды қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге).

⚡️ Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%).

✔️ Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі – 19 жылды құрайды. 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 290 пәтер берілді. Бұл жас ғалымдарды Қазақстанда қалуға әрі елімізде ғылымды дамытуға қосымша ынталандырады. Өтеусіз негізде жас ғалымдарға 20 пәтер берілді.

🔷 2023 жылы 809 ғалымға әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар ұсынылды. Қазіргі уақытта Республикалық комиссияның 2 отырысының қорытындысы бойынша 80 үміткерге ғылыми тағылымдамадан өту мақұлданды.

⚡️ Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауда жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді, докторантураға мемлекеттік тапсырыс 1,9 мың орынға дейін ұлғайтылды.

📱 @KZgovernment

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мыңдаған қонақтан кейінгі Наурыз: Көкшетаулықтар Тазару күні экоакциясына шықты

23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні, символдық мәні зор Тазару күніне орай Көкшетау қаласында «Таза ел – біздің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика