spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында тағы 10 адамнан вирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың тағы10 жағдайы тіркелді.  Соңғы тәулікте өңір бойынша вирусты жұқтырғандардың саны 205-ке жетіп отыр,-деп хабарлайды  «Aqmola News» облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инфекцияны жұқтырған 6  адам Көкшетау қаласынан анықталды. Қауіпті ауруды жұқтырғандардың үшеуі бір отбасының мүшелері – 1976, 1999 жылғы ер адамдар және 1965 жылы туған әйелден анықталды. Сонымен қатар, тағы үш адамнан медициналық көмекке өздігінен жүгінгеннен кейін анықталды. Олар 1965, 1975 жылғы ер адамдар мен 1979 жылғы әйел адам. Науқастар дене қызуы, тамақтың жыбырлауы және тыныс алудың қиындауына шағымданған», – дейді ведомстводан.

Бұдан бөлек, Целиноград ауданында 1980 жылғы ер адам, Сандықтау ауданында 1965 жылғы әйел және Шортанды ауданында 1958 жылғы ер адам мен 1989 жылғы әйелде анықталды. Бұлар да дәргерлердің көмегіне өздігінен жүгінген.

«Науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Үйде эпидемияға қарсы дезинфекциялау, сондай-ақ, науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі», – дейді Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы ретте, Ақмола облысында қазіргі таңда COVID-19 жұқтырғандардың саны 205 адамды құрайды. Оның ішінде 141 адам жазылып үйлеріне жіберілген.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралауы жиілеп кетуіне байланысты Көкшетау қаласында 7 блокпост қайтадан қойылып, карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика