spot_img
Сәрсенбі, Шілде 30, 2025
23.2 C
Kokshetau

«Көкше» мәдениет үйінде балалар шешендік және актерлік өнерді игеруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Красный яр ауылының «Көкше» мәдениет үйінде «Центон» балалар үйірмесі жұмыс істейді. Оның қызметі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және театр өнері мен әдеби оқудың негіздерімен танысуға бағытталған. Үйірменің осындай атауы –  балаларға сөз өнерінің қызықты әлемін ашу миссиясын білдіреді.

Үйірме жетекшісі Алена Тыщенко: «Мен өз сабақтарымда балаларға шешендік өнерді,  музыкалық сүйемелдеу қимылдарын, сондай — ақ өз-өздерін қалай ұстау керектігін үйретемін», – дейді. Үйірме жетекшісі Көкшетау қаласының А. Мырзахметов атындағы университетін  «Мәдени-демалыс қызметі» мамандығы бойынша бітіріп, және аталмыш балалар ұжымымен үш ай ғана жұмыс істеп келеді.

Театр үйірмесіне 10-14 жас аралығындағы балалар қатысады. Алена Тыщенко олардың шығармашылық ойлауын дамытуға, әдеби оқуға және театрға деген қызығушылығын оятуға, сондай-ақ бос уақыттарын тиімді өткізуге үйретуге тырысады. Ол өз жұмысында коммуникативті дағдыларды дамытуға ықпал ететін тренингтер мен театр қойылымдарын белсенді қолданады.

Үйірмедегі сабақтар ойын түрінде өтіп, балалар онда актерлік шеберлікті үйреніп,  импровизация дағдыларын дамытады. Бұл тәсіл оларға өздеріне деген сенімділікті арттыруға, командада жұмыс істеуді үйренуге көмектеседі.

Сабақтар көркемдік қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар қатысушылар арасында тұрақты достық байланыстарды қалыптастыруға ықпал етіп,  үйірмені нағыз шығармашылық отбасыға  айналдырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика