Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жастарға арналған жыл сайынғы «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін өткізді.
Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты жастарды елімізде бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және ынталандыру болып табылады.
Жыл сайынғы «Bastau Talks» қоғамдық дәрісін өткізудің өзектілігі біздің еліміздің стратегиялық міндеттеріне байланысты, атап айтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру, нарықтық экономиканы дамыту.
Аталған шараға, спикер ретінде ЖК «Шұғыла сән әлемі» негізін қалаушысы және жетекшісі – Костанова Самал Сайрановна, 2020 жылы «Бастау бизнес» жобасы арқылы өтеусіз несие алып, өзінің сұлулық студиясын ашып, перманентті макияж жасаумен айналысып жүрген Зеренді ауданынан келген Жанашева Наталья Андреевна, жас кәсіпкер, футболшы, «SPORTINIG» футбол орталығы және «Life Foofball» дүкенінің негізін қалаушысы – Лебедев Олег Владимирович, «Ресницы» сән-cтудиясының негізін қалаушысы – Темиртасова Дана Кайыркельдиевна, Көкшетау қаласы бойынша «Romantic» гүлдер орталығы франшизасының иесі – Сыздыков Арман Бағитжанұлы, Бьюти-студиясын ашқан – Саламатова Асель Аслановна, Жарқайың ауданы, Державинск қаласының ЖК «ПАНЬКОФ» полиграфиялық және кеңсе тауарлары бөлімінің, сувенирлік өнімдер мен жарқын идеялар студиясының негізін қалаушысы – Панькова Дарья Вячеславовна сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының қаржылай қолдау бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері – Хасенова Ботагөз Сәрсенбайқызы, ЖОО және ТжКБ студенттері, БАҚ өкілдері және ұйымдастырушылар қатысты.
«Romantic» гүлдер орталығы франшизасының иесі Арман Сыздыковтың айтуынша, бизнеспен айналысу үшін ең алдымен өзіңе сенім, тәуекелділікке бел буып, ештеңеден қорықпай тек алға қарай ұмтылу.
Ал жарқайындық жас кәсіпкер Дарья Панькова өзінің кәсібін декреттік демалысы кезінде бастағаны жөнінде айтты. «Ең басында бойымда қорқыныш орнады. Ең бірінші 2022 жылдың желтоқсан айында фотостудиядан бастадым. Өмірлік жарым мені қолдап, бойыма сенім орнатты. Сол кезде бәсекелестіктен жаман қорқатын едім. Бірақ өз-өзімді қолыма алып, жаңа жыл кезінде фото түсірумен айналысып, кәсібімнің қаржылай нәтижесі белсенді түрде өсті. Уақыт өте келе, полиграфиялық кеңсе ашуды жөн көрдім. Әрине оңай болған жоқ. Алдымда қиындықтар көп болғанына қарамастан, төтеп бере бастауды үйрендім» – дейді Жарқайың қаласының кәсіпкері.
«Жастарға арналған бұл дәріс жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиімді құрал болып табылады. Барлық қойылған міндеттерге қол жеткізу және ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жас кәсіпкерлерді қолдауды есте сақтау қажет, себебі жас қазақстандық – елдің болашағы және «Стратегия-2050» жемісін жинаушылар болып саналады» – деп өз сөзінде облыстық ЖРО бөлім басшысы, шара модераторы Мақпал Жанарисова тоқталып кетті.
Іс-шараның соңында барлық спикерлерге алғыс хаттар ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметітің ақпараты