spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Студенттерге ашық есік күні өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті. Жоғары техникалық колледж студенттері филиалға келіп, қызметімен танысты. Жолшылар студенттерді заманауи жабдықтармен, үрдістермен және технологиялармен таныстырды.
Жоғары техникалық колледж студенттері «автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алады. Сондықтан балалар кәсіпорынға ерекше қызығушылықпен барды. Филиалдың сынақ зертханасында жолшылар студенттерге жол-құрылыс материалдарын сынауға арналған заманауи жабдықтар мен аспаптарды көрсетті. Сонымен қатар, зертхана меңгерушісі Руслан Кульясов пен материалдар жөніндегі инженер Николай Макаренко болашақ жолшылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, жастарға филиал қызметінің мақсаттары мен міндеттері, өңірдің және тұтастай елдің автожол саласының жетістіктері туралы айтылды. Жол-құрылыс саласына кадр тарту мәселесі де ерекше қозғалды.
«Автожолдарды салу және жөндеу көлемі өсуде, бұл саладағы еңбек нарығы білікті мамандарға көбірек мұқтаж. Мемлекет тарапынан кадрлар даярлауда үлкен қолдау көрсетіледі. Жыл сайын жол саласының түрлі мамандықтары бойынша оқуға гранттар бөлінеді, студенттер стипендиялармен және жатақханалармен қамтамасыз етіледі», – деп атап өтті Руслан Құлясов.
Студенттер филиалдың жұмысына қызығушылық танытты, жұмысқа орналасу, жалақы, жол саласындағы жаңа технологиялар туралы сұрақтарын қойып, тұшымды ақпарат алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img