spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Алда «SENAT OPEN» ашық Кубогының финалы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының шахматшысы Рашид Галимжанов шахматтан өткен «Senat Оpen» І Ашық Кубогының жартылай финалының чемпионы атанды.

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов бастаған біздің аймақтың командасы Павлодар қаласында шахматтан өткен Ашық Кубоктың жартылай финалына қатысты. Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы алғаш рет Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Freedoom Holding Corp компаниясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Мәслихаттардың 30 жылдығына арналған турнирдің ашылуына Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісіндегі Павлодар облысының депутаттары, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко қатысты. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов турнир қатысушыларына бейне үндеу жолдап, жартылай финал қатысушыларына сәттілік тіледі.

Солтүстік өңірлердің жартылай финалында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының шахматшылары бақ сынады. Олар – барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Ақмола облысынан жартылай финалға 21 шахматшы шықты. Олардың ішінде мамыр айында Көкшетауда іріктеу кезеңінен сәтті өткен қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері бар.

Сонымен, турнир қорытындысы бойынша ақмолалықтар арасында Степногорск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері Рашид Галимжанов, Көпжасар Бақбергенов, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мереке Жүсіпов және Бұланды ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Жайнарбек Зандыбай үздік нәтижелер көрсетті. Олардың барлығы ақтық кезеңге қатысуға жолдама алды. Сонымен қатар, Рашид Галимжанов солтүстік төрт аймақтың ойыншылары арасында жартылай финалдың абсолютті чемпионы атанды. Сондай-ақ, 60 жастан асқан депутаттар, журналистер, қоғам қайраткерлері арасындағы турнирдің үздік ойыншылары түрлі номинацияларға ие болып, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Шахмат федерациясының хабарлауынша, ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда, 200-ге жуық адам шахматтан бақ сынайды. Чемпионат еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адамды қамтиды деп күтілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img