spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН ӨҢІР» жобасы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола ассамблеясы бастамасымен облысымыздың еңбек ұжымдарында «ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖАРАСҚАН ӨҢІР» бірегей жобасы бастау алды.

Жобаның негізгі идеясы – этностардың мәдени алуан түрлілігін көрсету арқылы, еңбек өкілдері арасында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының байлығын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауды насихаттау.

Степногорск қаласының 60 жылдығын мерекелеу жылында «Степногор подшипник зауыты» АҚ осы шараны өткізетін орын болып белгіленді.

Фестиваль аясында арқан тарту, асық ату, қой көтеру сияқты ұлттық ойындары, ұлттық шығармашылық, қолданбалы өнер көрмесімен танысу, қазақ салт-дәстүрлерінің театрландырған қойылымы, ұлттық тағамдар дайындау мастер-классы өтті. «Менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарламада әр этнос өкілдері қазақ әндерін тамылжыта орындады.

Көп ұлттың басын қосқан, бірлігі жарасқан  тәуелсіз елдің тұғыры әрқашан биік болады. Шара барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдағы келісімге сүбелі үлесін қосып жүрген қала азаматтарды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Нұрмаганова Алғыс хаттармен марапаттады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика