spot_img
Жұма, Қараша 13, 2026
0.2 C
Kokshetau

Су басқан ауылдардың балалары «Жас дәуренде» демалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аумағындағы су басқан ауылдардың оқушылары Сандықтау ауданындағы «Жас дәурен» сауықтыру лагеріне  демалысқа жіберілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі су тасқынына байланысты жасаған үндеуінде: «Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады» деген болатын. Осыған орай, қызыл судан зардап шеккен Целиноград ауданының 6 ауылынан 80-нен астам оқушысы «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін лагеріне демалысқа жіберілді. Бұл оқушылар аталмыш ауданның Нұресіл, Қоянды, Оразақ, Қараөткел, Арайлы, Бірлік ауылдарынан. Олар ағымдағы жылдың 6-16 сәуір аралығында сауықтыру орталығында демалып, уақыттарын көңілді өткізетін болады.

Облыстық білім басқармасының бас маманы Марина Лидің мәлімдеуінше, балалар лагерьде 5 рет тамақтанады, түрлі ұжымдық іс-шараларға қатысып, таза ауада тынығады, көрікті Сандықтаудың табиғат аясына серуендеуге шығады. Бүгінде оқушылар онда төрт топқа бөлініп, өзара танысып, қызықты демалыстарын бастап кетіпті.

Сабақ кезі болғандықтан, оқушылардың мектеп бағдарламасынан қалып қоймасы үшін, қашықтықтан оқуға жағдай жасалған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика