spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-5.4 C
Kokshetau

Қазақстандағы су тасқыны: ұландықтар көмекке аттанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлімінің 500-ге жуық әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысының Атырау қаласына су тасқынына қарсы күреске аттанды.
Қарағандылық әскерилерді Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Владимир Березовиков басқарды.

Жедел мақсаттағы бөлімнің жеке құрамына сапарға шығуына бұйрықты Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков жеке берді.

Бүгінгі күні еліміздің шырқын келтірген су апаты барлығымыздың жағамыздан алды. Біз Отан қорғаушылар апат кезінде еліміздің тұрғындарына барынша табиғи зардапқа тайсалмай, баршаға көмек көрсетуіміз керек, – деп өңір қолбасшысы сарбаздарға алғы сөзін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде барлық қазақстандықтар апатпен күресте бірікті. Су тасқыны аймақтарында тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқаратын Ұлттық ұлан жауынгерлері үлкен көмек көрсетуде, ал жалпы алғанда, су тасқынын жою үшін құқық қорғау әскерлерінің бір жарым мыңнан астам офицерлері мен сержанттары, курсанттары мен сарбаздары жұмылдырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img