spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Ауыл қызыл судан аман қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Кәсіпкерлер бірлесіп, су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде ауылды қарғын судан аман алып қалды.

Соңғы жылдары Біржан сал ауданының Кеңащы ауылын су басу қаупі күшейген. Десе де, ауыл кәсіпкерлерінің атсалысуының арқасында елдімекен тұрғындары қызыл суға қарсы жұмыстарды ойдағыдай атқара алды. Ауыл әкімі Самат Бермағамбетовтің айтуынша, қарғын судың алдын алу жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, ауыл іргесіне жинала бастаған қар суы ауыздықталған. Қыс бойы кәсіпкерлердің көмегімен ауыл ішіндегі қарларды шығару да сәтті жүргізіліпті. Жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлердің бірлескен күшімен еріген суды айдау, инертті материалдары бар қапшықтарды төсеу, арықтарды, каналдар мен су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

–Бүгінде бізде су басу қаупі жоқ, жағдай тұрақты. Үйлерді су басу қаупі азайды. Тасқын суға қарсы шараларды барынша ұйымдастырып, бақылауда ұстап отырмыз. Ауыл тұрғындары мен бизнес өкілдеріне алғысымыз зор. «Агро сфера KZ», «Айтуар NS», «Қазгерқұс» серіктестіктерінің директорлары бульдозер, мотопомпа, ассенизатор, погрузчик секілді қажетті арнайы техникаларды жүргізушілерімен жіберіп,  алдын алу шараларын тиісінше жүргізуге  жағдай жасады. Сонымен бірге, ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы 6 мотопомпамен келсе, «Altyn Bidai NS» серіктестігі мен «Аушахман» шаруа қожалығы қажетті тракторларды дизель отынымен беріп, көмектесті, –дейді аудан басшысы Достанбек Есжанов.

Бұл кәсіпкерлер ауыл тұрғындары ғана емес, осындай қиын жағдайда өз азаматтарын қолдап, көмек қолын созуға әзір жанашыр бауырлар десе болады. Су тасқыны қауіпі төнгенін білген олар бірден оның алдын алуға білек сыбана кіріскен, қолда бар техникасын тегін, қажетті жанар жағар майымен беріпті. Кеңащы ауылының тұрғындары да оларға алдын алу жұмыстарына уақытпен санаспай, жанашырлықпен қатысқаны үшін ризашылықтарын білдіруде. Олардың көмегінің арқасында ауыл адамдары сырттан келетін тасқын суға қарсы қорғаныс жасап, жергілікті тұрғындардың өмірі мен мүлкі аман қалды.

–Елге қауіп төнген сәтте шетте қала алмадық. Бәріміз осы ауылдың баламыз. Осындайда бірікпесек, адамшылығымыз қайда қалады, – дейді «Агро сфера KZ» серіктестігінің директоры Төлебай Іргебаев.

Міне, «бірлік болмай, тірлік болмас» деген осы. Мұндай ауызбіршіліктің арқасында ел де аман, жер де аман.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img