spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.9 C
Kokshetau

Көкшетауда балалар кітабының апталығы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының кітапханаларында балалар кітап апталығы өтті. Бұл балалар кітабын және балалардың оқуын насихаттауға бағытталған іс-шаралар циклі.

Қалалық орталық кітапхана жүйесі 12 кітапхананы біріктіреді.Көктемгі демалыс кезінде олардың барлығы балалардың оқуға деген қызығушылықты ояту және бос уақыттарын  мазмұнды өткізуілеріне бағытталған түрлі іс-шаралар өткізді.

Осылайша, Красый Яр кітапханасының қызметкерлері жануарлардың киімін киіп, балалармен сұрақтар мен жауаптар жазылған қызықты викторина, ойын түрінде өткізілді.

Застанционный қалалық кітапханасында балалармен – «Кітап сарқылмас рухани әлем» атты мерекелік калейдоскоп өткізілді.

Қалалық балалар кітапханасында кішкентай оқырмандармен «Ертегі туралы ойлан» ойыны ұйымдастырылды.  Содан кейін балаларға «Мысық үйі» деген мультфильмі көрсетілді.

Бірлік қалалық кітапханасында «Таңғажайып кітап әлемі» атты кітап лендіне экскурсия ұйымдастырылды.

Орталық қалалық балалар мен жасөспірімдер үлгілі кітапханасының жас оқырмандарында,  ересектер мен балаларға арналған әңгімелер мен ертегілер жазатын  жазушы Серік Жетпісқалиевпен қызықты кездесу өтті.

Станционный  қалалық кітапхана қызметкерлері балаларға арналған «Кітап адал досың» кітабына саяхат ұйымдастырды, билиотека бойынша экскурсия жасады, оның барысында қызықты, танымдық кітаптармен, энциклопедиялармен және анықтамалықтармен танысты.

Қалада балалар кітабының апталығы қызу әрі мазмұнды өтті. Балалар викториналарға, ойындарға, ертегілерге қатысып, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді тауып, ең белсенділері ұйымдастырушылардан естелік сыйлықтар мен тәттілер алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img