spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
16.2 C
Kokshetau

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге жетті. Сөйтіп, 8 жеке тұрғын үй, 28 жеке аула аумағы мен 7 көпқабатты тұрғын үй су құрсауында  қалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінетін болсақ, қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. 150 метрлік жағалаудың бойына 280 тонна инертті материал төселіп, 110 метрге жуық аралықты қамтитын арналар мен арықтар кеңейтіліп, тереңдетілген. 1000 текше метрден астам еріген су сорылды.

Су басу учаскелерінде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

–Қызыл суды тоқтатуға Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 59 адам, 4 бірлік техника, 9 мотопомпа, азаматтық қорғау академиясынан – 63 адам, 2 бірлік техника, полиция департаментінен  – 7 адам және 7 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдарынан – 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпа жұмылдырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, –дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Ерсайын Қойшыбаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img