spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы №22 мектепке барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеше еріген су басқан қалалық жалпы білім беретін мектепке барды.

Су тасқынының себебі – тартылған электрлік коммуникация саңылаулардың герметикалығының болмауы. Жұмылдырылған күштер мен құралдар еріген суды сору жұмыстарын жедел жүргізді. Мектеп материалдық тұрғыдан зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта мектептің жертөлесі қанағаттанарлық жағдайда. Көкшетау қаласының әкімдігі мектеп ауласы мен сыртында су сору жұмыстарын жүргізуде.

Нысанды қарап шыққаннан кейін өңір басшысы су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне барлық мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды аралап шығу жүктелді. Сондай-ақ, елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді, арықтар мен каналдарды тазарту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Биылғы 20 наурыздан бастап облыстың жергілікті атқарушы органдарының барлық деңгейлерінде су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img