spot_img
Жұма, Шілде 17, 2026
26.4 C
Kokshetau

Бурабайлық Анель еркін күрестен екі дүркін Қазақстан чемпионы

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда өткен 17 жасқа дейінгі кадеттер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталып, мәресіне жетті. Бұл республикалық турнирде Бурабай ауданының «Самға» спорт клубының өкілі Анель Шоқаева өнер көрсетті. Ол әйелдер арасындағы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, жеңіске жеттті.

Еліміздің ең үздік жас балуан қыздары жиналған республикалық турнирде Анель барлық бес жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіске жетіп, күрестің керемет дағдыларын көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Анель Түркістан облысының тәжірибелі спортшысымен кездесті. Тартысты жекпе-жекте Анель 11:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, өзінің жоғары шеберлігін дәлелдеп шықты. Оның техникасы, табандылығы және жеңіске деген ұмтылысы жасөспірімдерге үлгі.

Бұл Анель Шоқаеваның алғашқы жеңісі емес, Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында 2021 жылы өзінің талантын көрсетіп, күміс медальге қол жеткізсе, 2022 жылы өзінің салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алған болатын.

Анель мен оның жаттықтырушысы Сағыныш Көшербаевты осы керемет жетістігімен құттықтаймыз! Спорттағы мұндай қажырлы еңбегі мен табандылығы мақтан тұтарлық. Анельге халықаралық аренада табыс тілейміз!

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика