spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Кең байтақ қазақтың Ұлы даласына көктем келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі
Марат Ахметжанов:
«Кең байтақ қазақтың Ұлы даласына көктем келді!
Әз-Наурыз келді, ағайын! Баршаңызды Самарқанның көк тасын жібітіп қана емес, адам баласының жанына да жылылық пен ізгілік ала келген Әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймын!».- деп өз сөзін осылай бастаған өңір басшысы Көкшетаудың бас алаңы Абылайхан мен Тәуелсіздік алаңдарында халықтың шат-шадыман көңілдерімен толықсып, тербеліп тұрған қалың елге ізгі тілегін арнады.
*******************************************************
*******************************************************
Бүгін, (22 нарыз 2024 жыл) Көкшетау жыл басы Наурызды бар сән салтанатымен, бар ғұрпымен, шынайы ниет, ізгі көңілмен қарсы алып жатыр!
Алты ай қыстан кейін Күннің жылуы мен шуағын сағынып қалған халық тайлы-тұяғымен осы алаңға келгендей әсерде болдық.
Жасанған сахнада көкшетаулық өнерпаздар Әз-Наурыздың мәні мен маңызы, тарихы жайлы әсерлі көріністер көрсетті.
Мінбеге Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ шығып, барлық облыс тұрғындарын Жыл басымен құттықтап, сөз сөйледі.
-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен биыл Наурыз Мейрамы 10 (он) күн бойы тойланып жатыр. Биылғы Наурыз Мейрамы «Амал-Көрісу» күнімен басталып, одан соң «Қайырымдылық» , «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» «Шаңырақ», «Ұлттық киім», «Жаңару», «Ұлттық спорт», «Ынтымақ» күндері ретінде аталып өтсе, бүгін 22 Наурыз жыл басы, одан кейін «Тазару күні» болып аталады. Біз осы шаралардың барысында Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттар мен ұлыстардың жарасқан бірлігі мен ынтымағын тани түстік! Ал бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің алмайтын қамалы жоқ екендігі әуелден белгілі жай.
Жуырда Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Президентіміз «Біз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет. Қазақстан Ұлы Даладағы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері»,-дей отырып,тарихымыздың ауқымы кең екендігін, соны сақтау қажеттігін атап көрсетті.
Облыс басшысы Марат Ахметжанов өзінің сөзінде Жыл басы басталғандығын, алда кезек күттірмейтін міндеттер тұрғандығын алға тартты.
Сондай-ақ Президентіміздің келесі Ұлттық Құрылтайды Көкшетауда өткізу жөніндегі шешімі үшін ризашылығын білдіріп, бұл шараны ел болып ойдағыдай өткізу елдігімізге сын екендігін орынды атап көрсетті.
Кең байтақ қазақтың Ұлы даласына көктем келді! Әз-Наурыз келді, ағайын! Құтты болсын! Наурыз оң болсын! Ақ мол болсын!

Жазушы, драматург, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img