spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau

Көкшетаулық сарбаздар арасында айтыс өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында «Ұландарды ұлықтаған Мәңгілік ел» атты ақындар айтысының 1 кезеңі өтті.

Додалы жарысқа әр бөліністен 8 ақын қатысты. Айтысқа төрелік ету үшін жергілікті айтыскер ақын, облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері Берденбек Мырзат шақырылды.

Қызықты да тартысты өткен доданы Ақан сері атындағы жоғары колледжінің студенттері: Кабиденов Дидар, Төлеубай Райымбек қазақтың дәстүрлі әндерімен одан бетер қыздыра түсті.

Сөз сайысында суырып салмалық қабілеті бар екенін танытқан 1 атқыштар ротасының сарбазы қатардағы жауынгер Назаров Нұрдәулет 3 орынға тұрақтаса, ақтық айналымда тамаша өнер көрсеткен 1 атқыштар ротасының сарбазы қатардағы жауынгер Досымжанов Қуаныш 2 орынға ие болды.

Қарсыластарынан салмақты ой, тапқыр ұйқасымен оқ бойы озық болған 2 жедел мақсаттағы батальонының сарбазы қатардағы жауынгер Алпысбай Исатай бас жүлдені иеленіп, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында өткізілетін ақындар айтысының 2 кезеңіне жолдама алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img