spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Көкшетауда ерекше қажеттілігі бар балалардың  үйірмелері жіті назарда 

Сондай-ақ...оқыңыз

Партиялықтар «Дарын» спорттық-дамыту орталығының жұмысымен танысты. Осыдан бірнеше күн бұрын ерекше қажеттілігі бар балалардың спорттық, мәдени үйірмелерге қатысуы туралы мәселе көтеріп бір топ ата-ана партияға келген болатын.

Бүгін облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова, партия филиалы жанындағы отбасы және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестің мүшелері -облыстық мәслихат депутаты Құралай Жұмабекова, «Инклюзивті ата-аналар» қоғамдық қорының Президенті Махаббат Қасымова, «Я сам шагаю» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гаухар Камелинова, «Ерекше өмір» қоғамдық бірлестігінің өкілдері бүгін ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беретін Көкшетау қаласындағы «Дарын» спорттық-дамыту орталығында болды. Басты мақсат дамуында тежеуі бар балалар үшін қаламыздағы спорт, мәдени орталықтарының жай-күйін анықтау, ата-аналардың көзқарасын білу.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше қажет-тіліктері бар балаларға жан-жақты жағдай жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Кейінгі жылдары оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай артты.

Бұл орталық 2021 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп тұр. Күнделікті логопед, психолог, дефектолог, емдік дене шынықтыру тренерлері мен тәрбиешілер балаларды тегін қабылдайды. Мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істеп жатқан орталықтың іші кең, жарық, жылы, әр маманға жеке-кабинет бөлінген. Ата-аналар тарапынан да қолдау бар екені көрініп тұр. Бүгінде оңалту орталықтары мен көмек көрсету орталықтары ерекше балалардың ата-аналары үшін ауадай қажет. Себебі мұндай орталықтар баланың денсаулығын жақсартуға және оларды әлеуметтендіруге көмектеседі.

Ата-аналар тарапынан келіп түскен өтініш пен ұсыныстарды бойынша әлі де партия алаңында жұмыс жалғасатын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img