spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 11 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы толығырақ Ақмола облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-
сот отырысының хатшысы Исакова Асемгуль Жумабековна баяндайды.

Қазақстанда алқабилердің қатысуымен соттар алғаш рет 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастады. Сол кезде ҚР облыстық соттары аса ауыр қылмыстар бойынша істерді қарау кезінде сотталушының қалауы бойынша алқабилердің қатысуымен сот талқылауларын жүргізе бастады.

2009 жылдан бастап Президенттің Жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар алқабилердің қатысуымен жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарайды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қатысатын соттардың соттауына ерекше ауыр қылмыстар туралы істер жатады, бұған: төтенше жағдайларда және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру туралы; бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар; террористік және экстремистік қылмыстар; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар.

Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адам соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы сот алдында өтінішхат беруге құқылы.

Алқабилер деген не екенін түсіндіргім келеді!

Алқаби – белгіленген талаптарға сай келетін, қылмыстық істі қарауға қатысу үшін сотқа шақырылған, сондай-ақ алқабилер алқасын қалыптастыру рәсімінен өткен және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 Заңында белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген.

Алқабилер кандидаттары тарапынан мынадай сұрақтар қойылады: алқабилерді іріктеуді кім және қандай негізде жасайды?

Бұл сұраққа жауап бере отырып, «Алқабилер туралы» ҚР Заңымен алқабилерді іріктеу процесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімі соттың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесі және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда қалыптастырылады. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімін қалыптастыру үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесіне мәліметтер ұсынуға міндетті. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі әліпби тәртібімен қалыптастырылады. Тізімде алқабиге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы (жасы жиырма бесте болса – қосымша күні мен айы) және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көрсетіледі.

 Айта кетейік, «Алқабилер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес алқабиге кандидаттардың тізіміне адамдар енгізілмейді: 

алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған;

өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар;

сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар;

судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;

психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар.

 Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi.

 Алқабилердің, оның ішінде қосалқы алқабилердің ҚР ҚПК бабына сәйкес мынадай құқықтары бар:

– істің мән-жайын өзінің ішкі сенімі бойынша өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға құқылы;

– төрағалық етуші арқылы процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға;

 – заттай дәлелдемелерді, құжаттарды қарауға, жергілікті жер мен үй-жайды қарап-тексеруді жүргізуге, сот тергеуіндегі барлық басқа да іс-әрекеттерге қатысуға құқылы;

 – төрағалық етушіге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты оған түсініксіз басқа да мәселелер бойынша түсініктеме алу үшін жүгінуге құқылы;

 – сот отырысы кезінде жазбаша ескертпелер жасауға құқылы.

 Алқаби міндетті:

 – сот отырысында тәртіпті сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға;

 – егер сот отырысында үзіліс жарияланса немесе істі тыңдау кейінге қалдырылса, алқабидің міндеттерін орындау үшін, сондай-ақ сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;

 – сотқа келу мүмкін болмаған жағдайда төрағалық етушіні келмеу себептері туралы алдын ала хабардар ету.

Алқабилердің құқығы жоқ:

– істі тыңдау кезінде сот отырысы залынан шығуға;

– іс бойынша істі тыңдау кезінде соттың құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз байланысқа түсуге;

– істі сот отырысынан тыс талқылау барысында мәліметтер жинау;

– жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға құқылы.

«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының осы Заңымен сот отырысының басталу орны мен уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.

Егер алқабиге кандидат дәлелсіз себеппен сотқа келуден жалтарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 655-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Алқабиге кандидаттардың өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін лауазымды адам ҚК-нің 436-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.

Алқабидің қарызын орындаудың оң жақтары да бар. Алқабиге облыстық және оған теңестiрілген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен аудандық сот және оған теңестiрілген сот судьясының (1 жылға дейін өтілі бар) лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнiнiң санына) барабар, оның негiзгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төленедi.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2023 жылдың көрсеткішіне сәйкес 17 сотталушы алқабилердің қатысуыңмен сот ісін қарау туралы өтінішхат білдірді. Соның ішінде 11 қылмыстық іс алқабилердің қатысуыңмен қаралды және бүгінгі күнге 6 қылмыстық іс қаралуды. 2024 жылда сотталушылардан алқабилердің қатысуыңмен сот ісін қарау туралы өтінішхат түскен жоқ.

Әділ шешім қабылдауда алқабилердің үкімі үлкен рөл атқарады!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img