spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

300-ден астам көкшетаулық мемлекеттік тілді меңгерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Тілдерді меңгерген тыңдаушылар сертификаттар алды. «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» тіл мәдениетін одан әрі арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, сонымен қатар тіл саясатын іске асырумен айналысады.

Орталық «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын іске асыру шеңберінде Қазтест бағдарламасы бойынша мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасайды.

Оқытудағы жүйелілікті қамтамасыз ету мақсатында орталық үш деңгейлі оқу-әдістемелік кешен әзірледі. Таңдалған деңгейге байланысты оқыту бір, екі және үш жыл бойы жүргізіледі. Жоғары деңгейді меңгерген тыңдаушылар мемлекеттік тілде еркін сөйлейді және жазады. Әр сабақ үшін Орталық арнайы оқулықтар, сабақтар, аудио дискілер, жұмыс дәптерлерін әзірлейді.  Сертификат тыңдаушыларға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне байланысты беріледі.

2023 жылы орталықта 346 тыңдаушы мемлекеттік тілді меңгерсе, 81-і ағылшын тілінде оқытылды .

Осы орайда 19 қаңтарда «Достар» МС-да «Қазтест» бағдарламасы бойынша оқудан өткен мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Түлектер арасында Көкшетау қаласының 20 ұйымы мен кәсіпорындарының өкілдері бар.

Қала әкімінің орынбасары Даниярбек Нұрсейітов тыңдаушыларды сертификаттармен құттықтап, белсенді үздіктерге алғыс хаттар табыс етті.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары өз тыңдаушыларының атынан Тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлдана Есмурзинаға тілдерді оқыту бойынша білім бергенң, оқу-әдістемелік қызметі үшін алғыс білдірді.

Іс-шара «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының орындауындағы концерттік бағдарламамен аяқталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img