spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық 8 педагог республикалық кадр резервіне енді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кадр резервін қалыптастыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл жоба пилоттық режимде іске қосылуда.

Бастапқыда жобаға қатысуға 8068 адам тіркеліп, оның 2809-ы арнайы тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижелері бойынша оқуға ұсынылған үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылып, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 208 үміткер басшылардың республикалық кадр резервіне енгізілді.

Ақмола облысының білім беру мекемелерінен республикалық кадр резервіне 8 үміткер еніп отыр. Нақты айтқанда, олардың қатарында Қосшы қаласының іргесіндегі Тайтөбе ауылы мектебі директорының орынбасары Рүстем Жахин, Қосшы қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Жанәділ Мақатов, Көкшетау қаласының №22 жалпы білім беретін мектебінің директоры Манаргүл Тохан, Целиноград ауданы Мортық ауылының негізгі орта мектебі директорының орынбасары Бекежан Әмзе, Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының  орынбасары Мұхтар Икранбек, Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Динара Әбділова, Зеренді ауданы Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары Әсем Әбдірахманова, Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі директордың  орынбасары Татьяна Торговкина бар.

–«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын жүзеге асыру «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептер іске қосылғанда даярланған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, ең бастысы, жаңа үлгідегі көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді, –дейді Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Индира Қалымжанова.

Кадрлық резервке енген мамандар бірінші басшының бос орнына ешбір конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады.

Атап өтейік, биылғы 2024 жылдан бастап бұл жұмыс барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында жалғастырылатын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img