spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
17.2 C
Kokshetau

Құрметті Ақмола облысының инвесторлары!

Сондай-ақ...оқыңыз

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы 2023 жылғы 13 желтоқсанда инвестициялық штаб отырысында мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу шараларын прокурормен келісу мәселесін заңнамалық регламенттеуге дейін) инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды прокуратура органдарымен  келісу тапсырылғанын хабарлайды:

– қызметті тоқтата тұру;

– рұқсаттың немесе рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) арқылы;

– рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту;

–  мемлекеттік, оның ішінде жергілікті атқарушы органның инвестордың пайдасына бұрын шығарылған шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу) ;

– уәкілетті мемлекеттік органның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзуы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, инвестициялық штаб шешімдерін орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері орындау үшін міндетті. Инвестициялық штаб шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін басшылар дербес жауапты болады.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жүргізіледі.

Облыс прокуратурасы облыс инвесторларының 8 проблемасын шешіп үлгерді, инвестициялар 88 млрд теңгеден асады. Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында облыс прокуратурасының фронт-офисінің мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны +77051291140).

 

Құрметпен Ақмола облысының прокуратурасы

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесті

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті – Биыл ауа райы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика