2023 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылғы 2 қаңтарға дейін «Қазгидромет»РМК-дан үш дауылды ескерту алынды және пысықталды. Ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 65 учаскесінде қозғалысты жабу және шектеу енгізілді.
«Департамент базасында мүдделі тұлғаларды тарта отырып, жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Ақмола облысы ТЖД ТЖЖБ бастығының м.а. Әділбек Қапышев брифингте: «Авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу үшін жүру ықтималдығы жоғары шассиде 80 автомобиль, төтенше жағдайларда жылыту пункттері ретінде пайдаланылатын үш трассалық медициналық-құтқару пункттері дайын болды», – деді.
Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдармен 268 жылыту пункті мен 213 тамақтану пункті дайындалды.
Ауа-райына байланысты автомобиль жолдарында төтенше жағдайлар көптеп орын алды. Мәселен, 11 адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланып, ЖПҚ, ЖАО және жол қызметтерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ТЖД бөлімшелерімен, тамақпен қамтамасыз етілген жылыту пункттеріне орналастырылды.