spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Ақмола облысы әкімінің өкімімен Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Айтбаев Досұлан Ерланұлы 1985 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастады.

2009-2010 жылдары – Қостанай облысының Ішкі саясат басқармасында жұмыс істеген.

2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар істері комитетінде әртүрлі жауапты қызметтерді атқарды.

2016-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің референті, консультанты, инспекторы, кейін сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызметін атқарды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img