spot_img
Сенбі, Қазан 5, 2024
3.2 C
Kokshetau

Степняк қаласында модульдік автобекет ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржан сал ауданының орталығы Степняк қаласында жаңа модульдік автобекет пайдалануға берілді,-деп хабарлайды «Aqmola News» Біржан сал ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Ермек Нұғыманов  тұрғындарды көптен күткен елеулі оқиға – автобекеттің ашылуымен құттықтап, осындай әлеуметтік нысанды пайдалануға беруге зор үлес қосқан жергілікті кәсіпкер Валерий Лебедевке ризашылығын білдірді. Автобекетті салуға кәсіпкер өз қалтасынан 10 миллион теңге бөлген.

– Қалаға, басқа да бағыттарға бет алған жолаушылар үшін автобус-тарды күту қаншалықты қиын болғанын мен жақсы түсінемін. Өйткені, менің Көкшетау және Степняк қалалары мен Үлгі кентіне жүретін автобустарым бар. Сондықтан, бұл жағдай мені көптен мазалап жүрген. Бүгінгі таңда осы істің жүзеге асқанына өзім де қуаныштымын. Жақында Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жолаушылар автобусын шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, біздің Степняк қаласы арқылы Степногорск, Макинск қалаларына баратын автобустар бар. Мен өзім осы жерде туып-өскендіктен, автобекеттің жоқтығына шағымданған жерлестеріме көмектесуді парызым деп санаймын, – дейді Валерий Лебедев.

Мұнда 55 адамға арналған күту залы мен кассалық аппарат, бақылау камералары, тұрмыстық және жеке жуынатын бөлмелері бар. Модульді автобекетке дүкендер мен әкімшілік ғимараттары жақын орналасқан. Ғимараттың айналасы жуырда гүлзарлармен абаттандырылатын болады.
Жаңа автобекетте автобус жүргізушісі, кондуктор, екі кассир және техникалық қызметкерлер жұмыс істейтін болады.

Жол ақысы арзандатылған. Мәселен, қалалық автобуста 50 теңге болса, қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан Үлгі ауылына 80 теңгеге баруға болады. Өйткені, осыған дейін тұрғындар қала ішінде 70 теңгемен, ал, Үлгі ауылына бару үшін 120 теңге жолақысын төлеп келген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img