spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында бір адам суға батып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының Красный Кордон селосының іргесіндегі су қоймасына суға шомылған жігіт қайғылы қазаға ұшырады, – деп хабарлайды  «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар 32 жастағы ер адамның денесін су түбінен іздеп тапқан.

Батып кеткен жігіттің денесінде ешқандай қорғаныс құралдары болмағаны анықталды. Сондай-ақ Бурабай көлінде катамаранмен жүзіп келе жатқан үш адамды төтенше жағдай қызметкерлері құтқарды. Олар серуендеп келе жатқанда су көлігінен техникалық ақау шығып көл жағасына жете алмай қалған.  Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде көмекке жетіп адамдар аман қалды. Демалушыларға медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Өңір тұрғындарын суға түсу маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Демалыс орындарында болғанда алкогольді және есірткі заттарын пайдалану аса қауіпті. Сондай-ақ, көп жағдайда адамдар қайықтан, катерден суға секіріп мерт болып жатады. Тексерілмеген және тыйым салынған аймақтарда белгіленген шекарадан асып барып суға шомылудың арты қайғылы жағдайдың орын алуына әкелуі мүмкін. Суға жүзуге арналмаған құралдарды пайдалану адам өміріне қауіп төндіреді. Көл түбіне түрлі заттарды тастап кету де адамдарды жарақаттайды. Әсіресе, балаларды ересектердің қатты бақылауы қажет. Түнгі уақыттарда суға түсу кезінде де сақ болған жөн. Адамдардың шомылу маусымында жарақаттануы немесе қайтыс болуына жол бермеу үшін біз полиция қызметкерлерімен бірлесіп демалыс орындарында және рұқсат етілмеген су қоймаларында күнделікті рейд жүргізудеміз, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img