spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 21, 2026
-18.6 C
Kokshetau

Адал кәсіпкерлердің алаңдауына еш негізжоқ – Әлихан Смайылов бизнесті тексеругемораторийді алып тастау туралы

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов«24KZ» телеарнасына берген сұхбатында 2024 жылы бизнесті тексеруге мораторий алыныптасталғаннан кейін қазақстандық кәсіпкерлердіне күтіп тұрғаны туралыайтты.​​​​​​​​​​Үкімет басшысы шағын және орта бизнес кезкелген елдің экономикасы мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет қолайлы бизнес-ортанықұруға үлкен мән беріп отыр.

«Біз бизнес қауымдастықпен бірлесіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретіншектен тыс талаптарды анықтау бойыншаүлкен жұмыс атқардық. Нәтижесінде 10 мыңнан астам негізсіз талапты анықтадық. Бүгінде оның 9 мыңының күші жойылды. Қалғаны келер жылдың басында Парламенттетиісті заң қабылданғаннан кейін алыныптасталады», — деді ӘлиханСмайылов.​​​​​​Оныңайтуынша, тәуекелдерді басқару жүйелерінавтоматтандыру бойынша да жұмыстаржүргізілді. Бұл адами факторды жоя отырып, тексерулерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың саны 2 есеге қысқарады. Жалпы заңға бағынатын кәсіпкерлергеәкімшілік қысым азаяды.​​​​​«Осылайша, мораторий аяқталғаннан кейінелде жаппай тексерулер болмауы керек. Адалкәсіпкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ», — деді Премьер-Министр.​​​​​​​​Ол бизнестің проблемалары министрліктер мен Үкіметтің түрлі алаңдарында тұрақты түрдежан-жақты талқыланатынын айтты. Олардыңкөбі шешімін тапты.​​​​​​​Үкімет басшысының айтуынша, шағын жәнеорта бизнестің экономикадағы үлесі ЖІӨ-нің36,5%-ына дейін өсті. Биылдың өзінде мұндажұмыспен қамтылғандар саны 500 мыңғаартып, 4,3 млн адамға жетті. Өсу қарқынышамамен 14% құрады.​​​​​​«Бұл ретте біздің алдымызда орта мерзімдіперспективада ШОБ үлесін ЖІӨ-нің 40%-ынадейін арттыру міндеті тұр. Бұл еліміздің оданәрі тұрақты дамуына негіз болады», — дептүйіндеді ол

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #Президенттің тапсырмасы #Сұқбат #ШОБ

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика