spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Мыңдаған жаңа туған балалар 2023 жылы Ayala қорының жабдықтарында диагностикаланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл соңында Көкшетауда AYALA қайырымдылық қоры жыл сайын жүздеген жаңа туған баланы көру қабілеті бойынша мүгедектіктен құтқаруға көмектесетін «Forus NEO» ретиналды камерасын тапсырды. Бұл осы қайырымдылық ұйымы Қазақстанның медициналық мекемелеріне берген алтыншы ретиналды камера. Бұл диагностикалық жабдықты сатып алу үшін «Камаз Инжиниринг», PTC Holding және VILED Group компаниялары қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар, оларға AYALA қорының бокстарында және QR-коды арқылы жиналған қайырымдылық жарналары қосылды.

«Көпбейінді облыстық аурухананың Перинаталдық орталығына Көкшетау қаласынан да, облыстан да, жақын маңдағы өңірлерден де жаңа туған нәрестелер келіп түседі. Жыл сайын шала туған балалардың саны геометриялық прогрессияда көбеюде. Біз соңғы 3 жылда диагностикамен және ерте офтальмологиялық скринингпен белсенді түрде айналысып келеміз. Тек 2023 жылы ғана шала туған нәрестелерде 56 ретинопатия жағдайы анықталды. Осы уақыт ішінде біздің қызметкер – Әйгерім Мұратқызы Жұматаева «Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» бойынша біліктілікті арттырудан өтті. AYALA қорының арқасында Перинаталдық орталық шала туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтауға және балалардың көру қабілеті бойынша асқыну мен мүгедектікті болдырмауға көмектесетін ретиналды камерамен жабдықталды», – деді Көпбейінді облыстық аурухананың директоры Нұрлан Қайырұлы Жаров.

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық перинаталдық орталығына көмек көрсетуге бірінші болып «Камаз Инжиниринг» компаниясы ниет білдірді, ол 1 000 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық көмекті аударды. Содан кейін PTC Holding қызметкерлері қыркүйек айында осы игі істі қолдау үшін Astana Marathon-да жүгірді. Ал компанияның осы ірі жүгіру оқиғасына қатысқаны үшін 1 150 000 теңге көлеміндегі жарнасы алғашқы жиналған миллионға қосылды. Сәуірден қыркүйектің аяғына дейін VILED Group қорға қайырымдылық мерчін сатудан түскен 717 552 теңге көлеміндегі қаражатты AYALA қорына аударды, біз оны жиналған қаражатқа қостық. Қор қазақстандықтардан бокстар, Kaspi-дегі QR-код бойынша аударымдар арқылы, Vlife мобильдік қосымшасындағы қайырымдылық жарналары арқылы 23,7 миллион теңгеден астам қаражат тарта алды.

«Бұл жобада біз бүкіл Қазақстанды қайырымдылыққа тарта алдық, өйткені біздің бокстарымыз бен QR-код көрсетілген тақтайшаларымыз бүкіл ел бойынша Qazaq Oil АЖҚС желісінде тұр. Біз қорға ірі бизнес пен жүздеген мың қазақстандықтың сенім артып отырғанына қуаныштымыз. Небәрі жарты жыл ішінде біз бюджет бойынша және маңыздылығы жағынан осындай үлкен жобаны іске асыра алдық. Біздің диагностикалық қондырғымыз Көкшетаудағы Облыстық перинаталдық орталықта кемінде 5 жыл жұмыс істейтін болады. Осы уақыт ішінде дәрігерлер Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген жүздеген нәрестелердің көз ауруларын анықтай алады. Дер кезінде жасалған диагностика – туған кезінен бастап көру қабілеті бойынша мүгедектіктен құтқарудағы табыстың жартысы. Біз осы медициналық мекемені заманауи қолайлы және қарапайым ретиналды камерамен жабдықтауға көмектескендерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Алдағы Жаңа жылда сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін», – деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

«Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасын жүзеге асырудың екі жылында AYALA қоры 326 914 960 теңге қаражат тартып, Қазақстанның мемлекеттік медициналық мекемелеріне шала туған нәрестелердің ретинопатиясына байланысты нәресте мүгедектігін төмендету үшін 5 лазерлік қондырғы, 6 ретиналды камера, 14 офтальмоскопты және «Луцентис» препаратының 84 құтысын қоса алғанда, диагностикалық және лазерхирургиялық медициналық жабдықтың 25 бірлігі сатып алуға жұмсады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img