spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ұстаздық – тағылымы терең өнер

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамның қолынан келмейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту, шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау, жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарын тәрбиелеп , білім беру мақсатында еңбек етіп келе жатқан №4 жалпы орта білім беретін мектебінің ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары, 19 жылдық еңбек өтілі бар, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші – Мұрат Нұрсауле. Ол өз ісіне адал, жауапкершілігі мол, ізденімпаз, өз пәніне деген сүйіспеншілігін балаларға жеткізе алатын сабырлы да, салмақты, әр баланың адамгершілік құндылықтарын құрметтей білетін ұстаз.

Нұрсауле Мұратқызы өз жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әр сабақта әдіс-тәсілдерді, жаңа технолгияларды тиімді қолданады. Ол балаларды үлкендерді сыйлауға, Отанды, туған жерді сүюге, елінің тарихын танып білуге тәрбиелейді. Ұстаз жеке уақытын аямай, барлық білімін балалар мен ұстаздарға үйретуден жалықпайды.

Ұстаз үнемі ізденісте жүріп, өз білімін жетілдіру үстінде облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларда білімін шыңдап келеді. Үздік авторлық бағдарлама байқауында 2 дәрежелі Дипломымен,  «Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері-2017 » Ұлы даланың жеті қыры: ҚР Тұңғыш Преиденті Н.Ә.Назарбаевтың ұлт тарихының дамуы мен тарихи сананың жаңғыруындағы  ерен еңбегі» тақырыбындағы республикалық ғылыми практикалық конференцияда  грамотамен , халықаралық «Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар баспалдақтың бірі» конференциясында үздік баяндама жасағаны үшін Дипломмен, Президент ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты мақаласын насихаттау мақсатында өткен Білім беру ісінің үздігі-2020 атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанып  І дәрежелі Дипломымен, «Әл Фараби -әлемдік тұлға» атты республикалық конференцияға қатысып кәсіби шеберлік көрсеткені үшін Грамотасымен, Білім басқармасының Алғыс хатымен, Республикалық мектеп басшыларына арналған байқау  «Бірлік» ЖҚ Құрмет грамотасымен,  география пәні мұғалімдері арасындағы білім беру жүйесін цифрландыруға қосқан зор үлесі үшін ББЖҚБАРИ Құрмет грамотасымен,  Ақмола облысы әкімінің Е.Б.Маржықпаевтың Алғыс хатымен, облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен , Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, «Түркістан өлкесінің киелі орындары» 7-сыныпқа арналған факультативтік бағдарлама (авторлық бағдарлама), МАНИИЭП өткізген республикалық ғылыми жобадан «Азаттықтың ақтаңгері: Оспан Исламұлы» тақырыбындағы ғылыми жобадан оқушысы 1 орын алған үшін Алғыс хатымен марапатталды.

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз тәрбиесі мен өнегесі шәкірттің болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Сондай-ақ оқушылары да қалалық, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атануда, «Дарын» 9-11 сынып оқушылар арасындағы ғылыми жобаларды қорғау барысында оқушысы Арнаш Аружан жүлделі 3 орынға ие болса, биылғы эксперттердің шешімімен зерттеу жұмысы облыстық кезеңге жолдама алды. Биылғы облыстық кезеңнен Аружан жүлделі 3 орынға ие болды. Алдағы уақытта ғылыми жобамен республикалық кезеңге барады деген сенімдеміз.

Білімді де, білгір, ұлағатты ұстаз туған жеріміздің тарихы мен құпияға толы қыр-сырын жас ұрпақтың зердесіне дарыту мақсатында өзінің бойындағы күш жігерін жұмсап, жұмыс барысында өзін жіті танытып еңбек етуде. «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, Тәуелсіз еліміздің тірегі, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуде ұстаз – үлгі ұйымдастырушы, тәжірибелі әріптес, іске батыл, ойға сергек жан ретінде ұжымға өзін танытқан білікті ұстаз.

«№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқу -ісі жөніндегі орынбасары Бейсембаева Гаухар Сагдатовна

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img