spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Президенттік реформалар – игілікке бастар жол

Сондай-ақ...оқыңыз

​Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаев бастамашы болған саяси реформалар — еліміздің жаңаруы мен даму жолын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды.

​Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту, ұлттық құндылықтар мен заманауи ғылымның жетістіктерін үйлестіре білген, ертеңіне сенімді, халықаралық деңгейде абыройлы мемлекет құру және дамыту. Ол үшін тұрғындардың табысы көбейіп, жайлы өмір сүруге жағдайды қамтамасыз ету қажет, азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана табысты жүзеге асыра алады. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда бізден, ең алдымен, мызғымас бірлікті қажет етеді.

Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін Президентіміз әр сөзінде ерекше атап өтеді. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берілді. Бұл тұста, жастарды ұлттық өнерге, оның ішінде адам баласының бойында әсемдік пен биік талғамды қалыптастыратын қолөнерге үйрету ісі аса маңызды болмақ.

Дәл осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2016 жылы Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы құрылды.
Одақ жұмысының негізгі мақсат-міндеттеріне – Ақмола облысында тұратын түрлі этностардың бай мәдени мұрасының сақтаушылары мен тасымалдаушылары ретінде халық қолөнерін, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту, сәндік-қолданбалы және бейнелеу шығармашылығы шеберлерінің қызметін насихаттау, қолөнердегі ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу, жас таланттарды қолдау және халық шеберлерінің жаңа есімдерін ашу.

Ақмола облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-де тұрақты жұмыс істейтін көрме орны бар. Мұнда шеберлер одағы мүшелерінің жұмыстары қойылады. Сондай-ақ, Достық үйінде Одақтың арнайы кабинеті бар, онда шеберлер кездесіп, тәжірибе алмасады және мектеп оқушылары, студент жастарға арнап шеберлік-сабақтарын өткізеді.
Одақ мүшелері қалалық, облыстық және республикалық деңгейлердегі іс-шараларға, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге белсенді қатысып тұрады. Биылғы жылдың өзінде 500-ден астам адамның қатысуымен 20-дан астам іс-шара өткізді. Олардың ішінде «Сиқырлы орам» облыстық байқауы, «Мұрагерлер-қамқоршылар-жасаушылар» жобасы сынды ауқымды шаралар бар.

Ел президенті Қ.К. Тоқаев а.ж. маусым айында Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде «Шын мәнінде, қазақтың мәдениеті сан түрлі саланы қамтиды. Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Оны заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттау керек», – деген еді. Жоғарыда аталған жұмыстың барлығы дәл осы мақсатты іске асыру жолында жасалуда.

​Осындай ерекше тарихи кезеңде халық игілігіне арналған реформалардың нәтижесін әрбір қазақстандық азамат нақты сезінуі керек. Әрбіріміздің мойнымымызда реформалардың жемісті іске асырылу жауапкершілігі бар. Бүгінгідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім және таза еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні айқын. Осынау көпшілік игілігі үшін жасалып жатқан реформалардың толықтай іске асырылатынына сенімдімін.

​Гүлбара Нұрқанова,
Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы
сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының төрайымы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img