spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
3.1 C
Kokshetau

«Жыл үздігі-2023» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді аудандық мәдениет үйінде жыл сайынғы игі дәстүрге айналған, өңіріміздің мәдениетінің дамуы келбетін ұштастыратын, жетістіктерін ұлылайтын «Жыл үздігі-2023» облыстық байқауының марапаттау іс-шарасы өтті.

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығымен мәдениет саласы қызметкерлері арасында ұйымдастырылған облыстық байқауы клубтық мәдениет нысандарын дамыту, неғұрлым құзыретті және мақсатқа бағытталған клуб қызметкерлерін анықтау, үздік тәжірибелерді тарату, кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық бағытындағы мамандықтарға қызығушылықты арттыру мақсатын ұстанды.

Байқауға аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлерінің клубтық құрылымдарының өкілдері қатысты. Олар қазылар алқасына өз жобалары мен жетістіктерін ұсынып, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және шығармашылық ұжымдармен жұмыс жасау барысындағы кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқау қонақтарын әсем әуен ырғағында көтеріңкі көңіл-күймен Зеренді аудандық мәдениет үйінің «Арқа әуендері» фольклорлық ансамблі қарсы алды.

Құттықтау сөзінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мәдени өмірінің өрісін кеңейтіп, өнерінің дамуына зор үлес қосып жүргені үшін мәдениет саласының қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, «Қай кезеңде, қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі» деп ерекше атап өтті.

Кәсіби шеберлік байқауының қорытындысына сай «Үздік әдіскер» аталымы бойынша Райхан Үсенова (Целиноград ауданы), «Үздік үйірме жетекшісі» бойынша Бірлік Менеев «Домбыра сазы» (Целиноград ауданы), «Үздік креативті жоба» аталымы бойынша Ерзат Смағұлов «Екі жұлдыз» (Қорғалжын ауданы) және Айгерім Тастанова «Әнші ауыл» (Бурабай ауданы), «Үздік ұйымдастырушы» аталымы бойынша Ақмарал Илюбаева (Көкшетау қаласы), «Үздік фольклорлық ұжым»  аталымы бойынша «Сазды әуен» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Райхан Аманкелді (Егіндікөл  ауданы), «Үздік хореографиялық ұжым» аталымы бойынша «Мираж» халықтық ансамблі, жетекшісі Виталий Бакшеев (Аршалы ауданы), «Үздік вокалдық топ» аталымы бойынша «Элегия» халықтық вокалдық ансамблі, жетшісі Гүлмира Работягова (Ақкөл ауданы) марапатталды.

Облысымыздың клубтық мәдениет нысандарында жүргізілген жөндеу жұмыстары, демеушілер мен меценаттар көмегі, материалдық-техникалық базаны нығайту, ақылы қызмет көрсету, мәдени шараларға қатысу белсенділіктерін ескере отырып, рейтинг қорытындысы бойынша Зеренді АМҮ, Аршалы АМҮ, Атбасар  АМҮ,  Целиноград АМҮ, Степногор қаласы «Горняк» ОМС жеңімпаз атанды.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Марапат иелеріне арналған концерттік бағдарламаны Ләззат Құсайынова (Қорғалжын ауданы), Бауыржан Нұрымбетов, «Арнау» этно-фольклорлық тобы (Целиноград ауданы), «Самға» вокалдық триосы (Астрахан ауданы), «Жастар» вокалдық триосы (Зеренді ауданы) ұсынды. Өңіріміздің үздік өнерпаздары қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, халықтың ерекше қошеметіне ие болды.

Іс-шара керемет патриоттық көңілде өтті және көптеген ұмытылмас эмоциялар сыйлады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img