spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Жүргізушінің қасында өткен екі күн: Ақмола полицейлері жолдағы адамдарға көмектесуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Полиция қызметкерлері Ақмола жолдарында аяз бен боран кезіндекөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында патрульдеу барысында «Тұлпар-1» экипажындағы ПД ППБ 4-ші взводының қызмет аға инспекторы полиция аға лейтенанты Аян Қанатұлы Жақсылықов пен ПД ППБ қызметинспекторы полиция аға лейтенанты Евгений Витальевич Дикке «Екатеринбург-Алматы» автожолының 944-ші шақырымындажүк көлігінің тоқтап тұрғаны туралыақпарат келіп түсті.
Жүргізуші Мадир Олжабаевтың айтуынша, ол Ресей шекарасынан Алматы қаласына қарай келе жатқан, бір сәтте көлікте дизель отыны қатып, аккумулятордың қуаты бітіп қалған. Жүргізуші қатты аязға тап болғандықтан, полиция қызметкерлері оны дереу жылытып, демалу үшін жақын маңдағы қонақ үйге апарған. Тәртіп сақшыларының өздері істен шыққан «КамАЗ» тұрған жол учаскесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырды, себебі сынған көлік жолдың дәл ортасында тұрып қалған. Осылайша, полицейлерекі күн бойы жүргізушіге көлікті қайта жүргізуге көмектескен және жүргізушінің көлікте қатты суыққа шалынбауы үшін оны қонақ үйге апарып – алып келіп отырған.
«..оған қажет нәрсенің бәрін, яғни тамақ, шай апарып, ер адамның қиыншылықта жалғыз емес екенін көрсеттік. Біз оны қатты аядық, себебі жүргізуші егде жасқа келіп қалған адам екен. Сондай-ақ, оған жолды жалғастыру өте маңызды екенін түсіндік. Сондықтан екі күн бойы біз оған қолымыздан келгенше көмектестік. Ақырында, 14 желтоқсанда сағат 19.50-де біз көлікті іске қостық. Риза болған адам бізге шын жүректен алғыс айтып, жолға шықты», – деді Аян Жақсылықов.
Бүгін полицейлер жүргізушімен байланысқа шығып, оның Алматы қаласына аман-есен бара жатқанына және бәрі жақсы екеніне көз жеткізді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img