spot_img
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
21.2 C
Kokshetau

Жәбірленушілерге өтемақы төлеу туралы

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдан бастап еліміздің аумағында Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсімдердің жекелеген түрлері бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеу жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта 44 жәбірленушіге 5 миллион теңгеден астам сомаға өтемақы төленді.

Өтемақы деп мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақшаны бір жолғы төлеу түсініледі, ол жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы және азаптау құрбандарына, қылмыс салдарынан денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе ЖИТС вирусын жұқтырған адамдарға, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына байланысты бірқатар қылмыстарға төленеді.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңмен төлемдер ҚК-нің 46-бабында сипатталған қылмыстың 124 құрамы бойынша қарастырылған.

Өтемақы төлеудің негізгі міндеті – қылмыстан моральдық тұрғыдан зардап шеккендерге қолдау көрсету, бірақ ашылмаған қылмыстар немесе іс тергеу сатысында болған кезде және күдікті залалды өтеу шараларын қолданбаған жағдайда зиянды өтеу мүмкіндігі жоқ.

Бұл ретте жәбірленуші одан әрі кінәліден толық залалды өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды.

Өз кезегінде, облыс прокуратурасы жәбірленушілердің өтемақы алу мүмкіндігі туралы құқықтарын нақтылау хаттамасының үлгісін, сондай-ақ жәбірленушілердің өтемақы алуға келісімімен органдардың іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда өтемақы алуға жүгінгендердің саны екі есеге артқан.

Өтемақы тағайындау және оны төлеу туралы толығырақ ақпаратты алу үшін қылмыстық іс тергеліп жатқан қылмыстық қудалау органдарына жүгіну қажет екенін назарларыңызға саламыз.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика