spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 21, 2026
-17.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлеріне 80-нен астам еріктілер орталығы көмек көрсетеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Экономикалық және әлеуметтік даму жолында Халықаралық еріктілер күнін мерекелеу құрметіне Полиция департаментінде есірткіге тәуелділіктің алдын алу мәселелерінде полицияға жәрдем көрсететін еріктілерді марапаттау рәсімі өтті. Белсенді жастарды Департаменттің бірінші басшысы полковник Нұрсұлтан Мұқашев қарсы алды.

Жас еріктілерге қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Виталий Гудименко құттықтау сөз сөйледі. Есірткіге қарсы полицейдің айтуынша, биыл «Феникс» еріктілер орталығының, «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының, «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен 40-тан астам түрлі профилактикалық іс-шара өткізілді, оның ішінде есірткі жарнамасын жою бойынша рейдтер, ақпараттық буклеттер тарату, әлеуметтік театр арқылы есірткі проблемасы туралы ақпаратты жеткізу арқылы халықты ақпараттандыру және т.б.

Еріктілердің жоғалған адамдарды, әсіресе балалар мен қарттарды іздеу бойынша іздеу шараларын жүргізуге қосқан үлесін бағалау мүмкін емес. Өткен аптада құқық қорғау органдары мен қоғам белсенділері тығыз қарым-қатынаста «Құқықтық тәртіп» кең ауқымды арнайы операциясын өткізді.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының аумағында, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге саны 3 мыңнан асатын 80-нен астам еріктілер орталықтары белсенді қатысуда. Жоғары оқу орындарында, колледждерде және мектептерде бес мың еріктіден тұратын жасақтар құрылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика