Өткен түні Ақмола патрульдік полиция экипаждары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Температураның төмендеуіне байланысты барлық қала маңындағы трассаларда жолаушылар көлігі мен дизельді көліктер шектеулі болды.
Алайда, ескертулерге қарамастан, қиын жағдайға тап болған ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері өз маршруттары бойынша бағыттады. Патрульдік полицейлер жүргізушілерге көмекке дер кезінде келді.
Мысалы, 7 желтоқсанда сағат 21.45 шамасында инспекторлар Бақтияр Мұратов пен Тілеулес Кәкімов құрамында «Петропавл – Астана» республикалық тас жолында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде «Тұлпар 17» экипажы көмекке шақырылды. Айтылған орынға келгеннен кейін, екі жүк көлігі жүру кезінде дизель жанармайы қатып қалып, көліктер «тоқтап» калды.
Полицейлер қысқы дизель жанармайын және басқа да бұзылу құралдарын сатып алу үшін жүк көліктерін жақын маңдағы жанармай құю станциясына дереу жеткізді. Құтқару кезінде патрульдер қауіпсіздікті қамтамасыз етту үшін жүргізушілердің жанында болды.
Бірнеше сағат бұрын дәл осы жолда инспекторлар Айбол және Илья Кабдуалиевтер құрамындағы басқа экипаж жүк көлігінің жүргізушісіне қарлы тұтқында қалмауға көмектесті.
Полиция азаматтардан қозғалысты шектеу немесе жолдарды жабу туралы хабарламаларды елемеуді сұрайды. Егер сапарға шығуға тура келсе, қиын жағдайға тап болмас үшін, көлік құралын керек жарақпен жабдықтау қажет.