spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – бірегей жоба – Е.Кеңгірбаев

Сондай-ақ...оқыңыз

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының республика аумағы бойынша жүруін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелері Корпоративтік қормен бірлесіп жүргізеді. Әлеуметтік жобалар қоры пойыздың жұмысына, техникалық жай-күйіне, техникалық қызмет көрсетуге, уақытылы жөндеу жүргізуге жауап береді. Сондай-ақ тамақтануды ұйымдастыру, пойыздың ішін күзетіп, үздіксіз жұмысын қадағалайды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

Оның мәлімдеуінше, жыл сайын бұл жұмысты пойыз бастығы мен оның қоластындағы бригада қамтамасыз етеді.

«Медициналық пойыздың өзі ерекше. Ол сегіз медициналық вагоннан тұрады. Төрт вагон тікелей медициналық қызметке арналған. Пациенттерге сапалы көмек көрсету үшін оларды медициналық кеңселерге айналдырдық. Дизель-генератор-вагон барлық медициналық жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді және де ол төтенше жағдай кезінде бүкіл елді мекенді қуатпен қамтамасыз етуге қабілетті», –деді спикер.

Айта кетерлігі, пойызда қызмет көрсететін дәрігерлер, медиаторлар, заңгерлерге қолайлы жағдай жасау үшін арнайы 2 вагон бөлінген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img