spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

Көкшетауда суды тазарту жобасын іске асыру жоспарлануда

Сондай-ақ...оқыңыз

СОР28 – де Дубайдағы Орталық Азия павильонында «Metito» компаниясымен Көкшетау қаласы үшін сарқынды суларды тазарту жөніндегі жобаны іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы құжаттың негізінде компания өзінің қазақстандық әріптестері үшін егжей-тегжейлі зерттеу мен ұсыныс дайындайды, оны «KIDF» компаниясымен бірлесіп қала мен муниципалитетке ұсынады.

«Біз суды тазартуды жоспарлап отырмыз, бұл өз кезегінде қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді. Бұл қоршаған ортаға түсетін қалдықтардың азаюына және ағынды суларды таза ұстауға, демек, су айналымына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, суды тазарту арқылы біз көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтамыз, сондықтан мұндай су көміртегі несиелеріне де құқылы. Бұл ретте жоба біздің жеке қаражатымыз есебінен іске асырылатын болады», – деді» Metito » (БАӘ) басқарушы директоры Рами Гандор.

Ол өзінің компаниясы жеке құрылыс салушы сияқты жобаларға инвестиция салатынын және бүгінгі таңда тоғыз елде осындай жобаларды жүзеге асырғанын атап өтті.

«Біз сумен жабдықтау және су бұру секторындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің бірінші өкілі болып табыламыз. Қазақстан нарықта бірінші болатын оныншы ел болады деп үміттенеміз. Бұл жеке секторды қоршаған ортаны жақсартуға қалай инвестициялауға болатынын одан әрі ілгерілетудің үлгісі болады деп күтеміз», – дейді рами Гандор.

Айта кетейік, Дубайдағы Орталық Азия павильонында «Metito» компаниясы (БАӘ) Басқарушы директор Рами Гандурдың атынан «Kazakhstan Investment Development Fund» (Kidf, Қазақстан), «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ және Ақмола облысының әкімдігімен қағидаттар туралы келісімге қол қойды.

 

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрілігі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img