Ол Әуе қорғанысы күштері Қарулы Күштердің жоғары технологиялық саласы екенін және оған құрылымдық жағынан әскери-әуе күштері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің байланыс, материалдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімдері, сондай ақ жоғары оқу орындары кіретінін нақтылады.
«Біздің басты міндетіміз – еліміздің әуе шекарасын күзету және қорғау, мемлекеттік, әкімшілік және әскери насындарды әуе шабуылынан қорғау. Сонымен қатар, бізге, Қарулы Күштердің басқа түрлері мен Қарулы Күштердің бөлімшелерін әуеден қамтамасыз ету, арнайы және антитеррорлық операцияларға қатысу бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындау жүктелген», – деді генерал-майор.
Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің 90% Қазақстанның әуе кеңістігін күзету үшін тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады. Үстіміздегі жылы Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы барлық оқу-жаттығуларға қатысты. Жаңа техника алынды, жас ұшқыштар қатарға қосылды, инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту жалғасты.
«Егжей-тегжейлі айтатын болсақ, біз басқа да күштік ведомостволармен бірлесіп, армияны дамыту мен кәсібилендірудің, әскери қызметтің мәртебесі мен беделін арттырудың әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен техникалық жарақтандырылуының сапасын арттырудың барлық аспектілері бойынша кешенді шараларды жүзеге асырудамыз, әскердің қоғамдағы, сондай-ақ халықаралық және әскери ынтымақтастық аясында беделін көтеруді іске асырудамыз», – деді генерал.