spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Қағазда бар, базада жоқ»: Қосшы тұрғындары неге баспана кезегіндегі тізімге жазылмай қалған

Сондай-ақ...оқыңыз

Қосшылық бір топ ана бүгін әкімдікте тағы шу көтерді. Аядай бөлмеге мұқтаж 30-дан астам адам ауадағы тізімді базадан таба алмай дал. Олардың айтуынша, әкімдіктегілер 5 жылдан бері үй кезегіне қоймай келген, деп хабарлайды Aqmola News Алматы арнасына сілтеме жасап.

Алпысты алқымдаған ананың шырылдап жүргеніне бірнеше айдың жүзі болды. Мүгедек қызына тиесілі аядай бөлмені ала алмай келеді. Ол бұған дейін баспана кезегіне заңды түрде қойылған. Бірақ жылдан асты, үйге үміттілер арасынан өзін таба алмаған.

«Біраз жылдан бері пәтер кезегінде тұрдық. Ауылға қаланың статусы берілсе, тек атауы ауысты ғой. Осы жерде тұрып жатырмыз. Қала болған екен деп, далада қалып қоямыз ба?», – деді Қосшы қаласының тұрғыны Балдырған Мартикова.

Кезегін таппай дал болған бір ғана Балдырған апай емес. Мұнда тұрған аналардың барлығы үй кезегіне қағаз жүзінде қойылған. Ең қызығы, сол тізім бұрынғы аудан орталығы кезінде енгізілген екен. Ал Қосшы қала мәртебесін алған соң, оларды тізімнен алып тастаған. Қазіргі әкімдіктегілер «ол құзыретімізде емес» деп отыр.

«Бұл кісілер баспана кезегіне қағазға жазылған. Ал Қосшы қала статусын алған соң кезек реті өзгерген. Яғни, ауданның құрамынан шыққан соң қалаға кезекке тұруы керек еді. Сонда бұл кісілер осы күнге дейін тізімде ауада тұрып келген. Қазіргі таңда 500-ден астам тұрғын азаматтық тәртіпте сотқа жүгінді. Сот шешімі бойынша олар кезекті қалпына келтіре алады. Целиноград ауданының әкімдігі жауапты», – деді Қосшы қалалық әкімі аппаратының бөлім басшысы Жаңагүл Ердекешова.

Шикіліктің бір шеті қалалық әкімдікте де бар екен. Қосшыдағы мамандар бұған дейін дұрыс ақпарат бермей, шатыстырып келіпті. Тұрғындар аудан орталығындағы кезегін, сол қалпында қалаға ауыстыра алады екен. Целиноград аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманының айтуынша, сотқа шағымданып, тұрғылықты жеріне өтініш беруі керек.

«Үй кезегін реттеу бойынша қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Тізімді әзірлеуші мамандарға бірнеше рет хат жаздық. Бұл процесс техникалық кедергілерге байланысты кешіктіріліп отыр. Ендігі жерде тізімделген азаматтар тұрғылықты жері бойынша кезегін бақылап отыруы керек», – деді Ақмола облысы Целиноград аудандық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арайлым Ыдырысова.

Жоғарыдағы кезек мәселесі шешілгенімен, бірден пәтер кілті берілмейді. Үйге мұқтаждар тізімінде 300-ге жуық тұрғын бар. Ал Қосшыда биыл 1 ғана көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img