spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда әскери қызметкерлер арасында байқау өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығының «Достар» мәдениет үйінде ерлер арасында жыл сайынғы дәстүрлі «Ер намысы – ел намысы 2023» атты форма киген ерлер байқауы өтті, деп хабарлайды қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз хатшысы Серік Садвакасов.

Байқаудың мақсаты – әскери қызметтің беделін арттыру, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жарысқа Мәлік Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясының, №5510 әскери бөлімінің, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің және Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің офицерлері қатысты.

Құзыретті қазылар алқасы қатысушыларды бес номинация бойынша бағалады – «салтанатты әскери киім үлгісіндегі дефиле», «визиттік карта», спорттық, шығармашылық сайыстар және «Классикалық костюмдегі дефиле».

Бірінші айналымда офицерлер салтанатты әскери киімде  сапта жүру дайындығын, шымырлықты көрсетті. Екінші турда әрбір қатысушы бейнематериал арқылы  қызметі, хоббиі туралы айтып, өздерін таныстырды.

Спорттық айналымда жігіттер  білек күштерін сынап, амрестлинг сайысына қатысты. Шығармашылық сайыста қатысушылар вокалдық, хореографиялық қабілеттерін, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетсе, енді бірі мәнерлеп өлең оқыды.

Сайыстың эмоционалдық қарқындылығы  әр тур сайын қыза түсті. Залда жиналған әскери бөлімдердің жанкүйерлері көп болды. Олар  сайыскерлерін түрлі-түсті плакаттармен, ұрандармен қолдап отырды.

«Ер намысы – ел намысы 2023» жобасы көрермендер қызығушылығын тудырды. Көрермендер  қатысушылардың өнерін жіті қадағалап, қолдап,  қошеметтерін аяған жоқ. Екі сағатқа созылған жарыс тез әрі тартымды өтті.

Ал енді қазылар алқасының қорытындысына келсек,  сайыс төмендегідей бағаланды.

Бірінші орын Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әділет капитаны Исмаил Мұхадимовқа, екінші орын Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің капитаны Әділет Серікке бұйырды. Үшінші орынды №5510 әскери бөлімі мен Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Сұлтанғазы Талғатов пен Дмитрий Ревин бөлісті. Ал, байқаудың Бас жүлдесін М.Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының капитаны Роман Степанов жеңіп алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img