spot_img
Жұма, Маусым 6, 2025
26.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының полицейлері агрессорлардан зардап шеккен әйелдердің көмегіне жүгіне алатын телефон нөмірлерін айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығының» қызметкерлерімен бірлесіп, қала тұрғындары арасында қазіргі заманның өзекті мәселесі – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпарат парақшаларын таратып, бұл туралы үндемеу қалмауға болмайтынын және үй агрессорларымен күресте бірігу қажет екенін түсіндірді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшесінің өкілдері қала тұрғындарына қиын жағдайға тап болған әйелдерге қалай көмектесуге болатынын айтты.
«Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе агрессордың құрбаны болсаңыз,- дереу «102» нөмірін теріңіз, – деп шақырды іс-шараны ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, зардап шеккен әйелдер дағдарыс орталықтарына барып, алты айға дейін сонда бола алады. 16 қазаннан бастап Қазақстанда Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бірыңғай сенім телефоны іске қосылды. «111» нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды – деп атап өтті Ақмола облысы ПД ЖПҚБ ӘЗЗҚБ аға инспекторы Альбина Дауенова.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика