spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда Қорғанбек Аманжолға арналған кеш өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда журналист, ақын, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың 70 жылдығына арналған «Өмірін өрген өлеңмен» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз хатшысы Серік Садвакасов.

Мерейтой иегері  Зеренді ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген, еңбек жолын Зеренді аудандық «Коммунизм таңы» газетінде тілші болып бастаған, кейін облыстық «Көкшетау правдасы», республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерінде және республикалық журналдарда қызмет еткен.

Қорғанбек Аманжол шығармашылық қызметінде жиырмаға жуық поэтикалық, әдеби-публицистикалық кітаптар шығарды. Республикалық телеарнада дубляж актері, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Ұлттық аударма бюросында аудармашы болып жұмыс істеді.

Бұл күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында  журналисттер, жазушылар, филологтар, әншілер мен ақынның шығармашылығын жақсы білетін, онымен бірге қызмет атқарған замандастары жиналды.

Олар қаламгердің  сан қырлы талантын, жоғары азаматтық ұстанымы мен кәсіби шеберлігін атап өтіп, көптеген жылы лебіздерін білдірді.

   -Ол журналист ретінде аудиторияға түсінікті жеңіл, қарапайым  тілде жазған, кез келген сұхбаттасушыны  сөйлете  білген, адамдардың мәселелері мен мұң-мұқтаждарына әрқашан шынайы жанашырлық танытатын. Адамгершілігімен, ішкі мәдениетімен баурап алатын», – деп атап өтті облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа өз сөзінде.

Қорғанбек Аманжолдың қаламынан  «Ғибраты мол ғұмыр», «Біржан бұрмалары», «Бірәлі дастан», «Сабат», «Айсберг астындағы ағыстар» т.б көптеген кітаптар жарық көрді.

  – Жазушы ретінде тарихи білімді өз шығармаларында шебер пайдаланып, қазіргі қоғамға қатысты тақырыптарда шынайы жазған. Ал ақын ретінде өз өлеңдерімен оқырмандардың отансүйгіштік рухын, өмірге және туған жерге деген сүйіспеншілігін оятты», – деп жалғастырды философия ғылымдарының докторы, ақын-жазушы Ерболат Баятұлы.

Журналисттер Қалымбек Мұхамеджанов, Серік Жетпісқалив, мәдениет майталманы Орынтай Жүсіпәлина ақын-жазушымен достық қарым-қатынастарын тілге тиек ете отырып, оның жоғары адамгершілік және тұлғалық қасиеттері – шыншылдық, іскерлік, біліктілік пен білімділікті атап өтті.

Бұл күні облыстық филармонияның әншісі Сәрсенбай Хасенов, Орынтай апайдың орындауында ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалса, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің студенттері оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жастардың үлкен қызығушылығын тудырған әдеби кеш жарқын да мазмұнды өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img