spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ерейментауда «Зияткерлік-конструктор» сыныбы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

27 қара күні Ерейментау қаласында үстел үстіндегі зияткерлік ойындарға арналған «Зияткерлік сынып – конструктор» республикалық пилоттық жобасы іске қосылды.
Сыныптың салтанатты ашылу рәсіміне Ерейментау аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Ержанұлы, іс-шараның бастамашысы, Гиннестің рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы Ақмола облысы әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сергей Цырульников, ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илин Илья және спорт жанашырлары қатысты.
Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындары арасында үстел үсті зияткерлік ойындарын дамыту, балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру. Келушілер сыныптарда шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ойнай алады.
«Бүгін біздің ауданымызда маңызды күндердің бірі деп айтуға болады. Президенттің өзі шахмат, үстел ойындарының маңыздылығын атап өтті. Бүгін ашылған конструктор сыныбы тек үстел үстіндегі ойындарды дамытып қана қоймайды. Сонымен бірге инклюзивті спортқа назар аударуды да білдіреді. Әрине, игі бастамаға қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдіргім келед»і,- деді Саят Ержанұлы.
Халық арасында «қазақ палуаны Серғазы» атымен танымал болған Сергей Цырульников өз сөзінде спорттық жобалар аясындағы тың идеяларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
«Ерейментау қаласы маған жақсы таныс. Кезінде осы жерде волейбол ойнадым, спорттық жетістікке де жеттім. Енді бүгін осы өңірдің балалары үшін зияткерлік сынып ашып отырмыз. Балаларда әрқашан спортқа деген мүмкіндік болу керек деп есептеймін. Елдегі бірлік, бейбітшілік пен келісім халқымыздың басты құндылықтарының бірі. ҚХА қызметінде жаңа бағыттар пайда болып, бүгінгі бастама сияқты өзекті және сұранысқа ие жобалар іске асырылып жатқаны қуантады. Мұның бәрі халқымыз үшін!», – деді ол.
«Зияткерлік-конструктор» сыныбы болып шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ тақталарымен жабдықталған.. Бұл игілікті іске нағыз спорт жанашырлары мұрындық болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img