spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Үкіметте азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту шаралары талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту мәселелері талқыланды. Оған орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың басшылары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне 3,3 млн қазақстандық тартылады. Азаматтардың 15 санаты, оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін тиісті жарналар мемлекет есебінен аударылады. Жұмысты үйлестіру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жанында жобалық кеңсе құрылды, аймақтарда штабтар құрылып, шаралардың бірыңғай алгоритмі жасалды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, жүйемен қамтылмағандар жөнінде мәліметтер өңірлерге жолданды.

Алайда кейбір аймақтар әлі де шараларды жүзеге асыруға кіріспеген. 8 өңірде аудандық штабтар құрылмаған, халықпен жұмыс басталмады. Вице-премьер аталған бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

«Тапсырма барлық аймақтарға бірдей берілді. Жұмысты ұйымдастыру үшін облыстарға бір апта мерзім беріледі. МӘМС жүйесінен тыс қалып қойған азаматтардың арасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар да болуы мүмкін. Медициналық қызметке, профилактикалық скринингтерге қолжетімділікті арттыру үшін әрбірінің мәртебесін анықтауымыз керек. Бұл азаматтарымыздың денсаулығына қатысты маңызды мәселе», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img