spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында кәсіпкерге жол жөндеу үшін 220 млн теңге қарыз төленбеген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне автожол саласының ЖШС өкілі проблемалық мәселемен жүгінді.

Көкшетау қаласының ТКШ бөлімі ағымдағы жылдың ақпан айында кәсіпорынмен көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны белгілі болды.

Мердігер өз жұмысын орындағанына қарамастан, мемлекеттік орган шамамен 220 млн теңге сомасындағы қарызды өтеуге асықпаған. Шенеуніктер төлемді кешіктіруді мемлекеттік мекеме атауының өзгеруіне байланысты оны қайта тіркеу жүргізілгендігімен түсіндірді.

Департамент мүдделі тараптармен кездесу өткізіп, қайта тіркеу процесі аяқталғанын анықтады. Алайда мемлекеттік орган ақпараттық жүйедегі техникалық процестерге сілтеме жасай отырып, міндеттемелерді орындамады.

Нәтижесінде, өңірлік Антикордың араласуынан кейін ТКШ бөлімі бизнес субъектісіне атқарылған жұмыстар үшін ақшалай қаражатты толық көлемде аударды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img