spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
15.2 C
Kokshetau

Еліміздің мектептерінде тамақ сапасын бақылау күшейтілуде

Сондай-ақ...оқыңыз
Білім беру ұйымдарына жеткізілгенге дейін барлық өнімдердің санитарлық қорытындылары болуы керек, ал азық-түліктердің жfй-күйін бракераждық комиссиялар бақылай алады. Комиссия құрамына ата-аналар мен қамқоршылық кеңес, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері кіреді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Бүгінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттарын қайта қарады. Өңірлерде шығарылатын отандық өнімдерді пайдалана отырып, ас мәзірін әзірлеуге қатысты қағида енгізілді. Бракераждық комиссиялардың, ведомствоаралық сарапшылық топтардың мүшелері үшін мониторинг топтары қызметінің тәртібі туралы заңнамалық нормалар бекітілді.

Мектептерде тамақтану мәдениетін қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, санитарлық тазалық пен гигиенаны сақтау, дастархан мәдениеті мен дұрыс тамақтануды насихаттау қолға алынуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап 1,6 миллионнан астам қазақстандық оқушы, оның ішінде 1,4 миллион 1-4 сынып, әлеуметтік осал топтағы отбасылардан 200 мыңнан астам 5-11 сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Біздің бостандығымыздың кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика