spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Абай қазақпен бірге жасайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын оқып шықтым. Онда Мемлекет басшысы қазақтың ұлы ақыны жайлы терең толғап, ой қозғайды. Биылғы аталып өтілетін мерейтойының маңызына да жан-жақты тоқталады. Өз сөзінде Абай қазақты әлемдік өркениетке танытудың бір айшықты көрінісі болатынын баса айтады.

Шыны сол, біз хакім Абайдың жырларын оқып, қарасөздеріне зейін қойсақ, оның туған халқы үшін неге күндіз жай тауып отырмады, түн ұйықтамады деген сауалға жауап тапқандай боламыз. Себебі, Абай ақындық қырымен ғана емес, өзінің ойшылдық сипатымен де елдің еңсесі биік болғанын қалады.

Қазір біздің ұлтымызға Абайдың сөзін ұғатын, оның қарасөздеріне ден қоятын ұлық тұлғалар керек. Әйтпесе, біз әлі толыққанды ұлт бола алмай, рулық көсегені көксеп, әрі тартып, бері тартып жүргеніміз еш жасырын емес. Сондықтан ұлы Абайдың тағылымына терең бойлау азат елдің еңсесін биіктету, рухын жаңа заманға лайық жану деп ұққан жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та осыны меңзеп айтып отыр. Біз Абай шығармашылығын поэзия әлемінде ғана емес, күнделікті өміріміге етене қолданудың маңызы зор. Себебі, Абай Құнанбаевтың өмірі ұрпақ тәрбиесінің өзегі екенін айтар едік.

Ал, қазақты масылдық пиғылдардан арылту да Абайдың қарасөздерінде осыдан бір ғасырдан аса уақыт бұрын айтылған еді. Бірақ, әлі сол бұйығы қалып біздің ошағымыздан алыстай қоймаған екен. Жаңа мемлекет құрамыз деп жанталасқа түссек те, ұлттық болмыс-бітіміміз толық қалыптаспағандай әсер қалдырады. Оған тіліміздің шұбар қалпы, сыртымыз қазақ болғанмен, ішіміз басқаның кейпіндегі көрініс көп ойға жетелейді.

Ендеше бізге Абай болып ойланып, Абай болып толғанатын уақыт келді. Әр қазақ Абайға ұқсауы керек. Сонда ғана жаһандық үрдістің қытымыр ызғарында қалмайтын боламыз. Бұл бүгінгі күннің ең бір келелі мәселесі десек, оған ешкім шүбә айта алмасы анық.

 

Бақыт Смағұл,

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

ҚР Ақпарат саласының үздігі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img