Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында 2023 жылғы 18 қарашада сағат 08.00 де Көкшетау қаласында «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында Көкшетау қаласы және «КОКЅҺЕ» ӘКК, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарының 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Көкшетау қаласы мен қала маңы тұрғындарының қыс мезгіліне азық-түліктің 40-тан астам түрін ет (жылқы, ІҚМ, қой еті, шошқа еті, құс еті), шұжық өнімдерін, балғын балық, сүт және сүт өнімдерін (қымыз, айран, құрт, қоспа, қаймақ, сүзбе, йогурт, сары май, қатты ірімшік) ұн, жұмыртқа, картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, бал және т.б. жергілікті өндірушілердің өздерінен нарықтан 10-15% төмен бағадан сатып алуға тамаша мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, «Kokshe» ӘКК тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін сатуға қояды: күріш, қарақұмық, қант, өсімдік майы, макарон және т. б..