«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікір – сайыс турнирін өткізді.
Іс-шара Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруға, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыруға бағытталған
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар әр түрлі тақырыпта сөз қозғап, өздерінің шешендіктерін көрсетті.Турнирге Ақмола облысы бойынша 16 ауданнан, Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалаларынан және облыстық мектеп-интернаттарынан 44 команда – 88 оқушы қатысты.
Төрешілердің қорытынды шешімі негізінде пікір – сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Қазақ лигасында:
1 орын – Степногорск қаласы, «Сана» тобы;
2 орын – Бурабай ауданы, «Элита» тобы;
3 орын – Көкшетау қаласы, «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Iqap» тобы;
3 орын –Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» ДБАОММИ, «Жаңа дәуір» тобы.
Орыс лигасы бойынша:
1 орын – Көкшетау қаласы, «DRCL» тобы;
2 орын –Есіл ауданы, «Наш взгляд» тобы;
3 орын –Степногорск қаласы, «Дана ұрпақ» тобы;
3 орын – Ақкөл ауданы, «Ритор» тобы.
«Үздік спикер» номинациясына: қазақ лигасында Көкшетау қаласы, «Білім Инновация» лицей – интернаты, «Bil.lionaires» тобының спикері Дота Қадыр, ал орыс лигасында Бурабай ауданы, «8 квартал» тобының спикері Омарова Алина ие болды.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.